КІРПІКСІЗ

lat: KİRPİKSİZ

сын. Кірпігі түскен, кірпігі жоқ. Нәубетжан ісінген к і р п і к с і з көздерімен қыр жақтан келе жатқан машинаның жолына қарап тапжылмай тұр (З.Иманбаев, Кең аймақ). Негізінде, Шарбақбайдың к і р п і к с і з көзінің терісі жыланның көз қабығындай жып-жылтыр (А.Нұрманов, Құлан.). Тек ақ сабан түсті қас-қабағы, к і р п і к с і з көзі жігіт шырайына біртүрлі репетсіз өң беріп тұр (А.Нұрманов, Құлан.).