КІРПІКТІ

lat: KİRPİKTİ

сын. Кірпігі өсік, кірпігі бар. Ол ұзын к і р п і к т і үлкен көздерін жаутаң-жаутаң еткізіп, аналы-балалы екеуіне алмакезек қарады (А.Сатаев, Аққу.). Ертеңіне қарсы қайырған қара шашты, қою к і р п і к т і еркек пішінде жас лейтенант (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. к ет. ). Есік ашылар-ашылмастан зып етіп ұзын к і р п і к т і, ақ сұр қыз үйге кіріп келді (Ә.Әбішев, Замана.).