КІРПІКШЕ

lat: KİRPİKSHE

зат. биол. <лат. cilia> Бір жасушалы ағзалар инфузорияда және көп жасушалы жануарлардың кейбір жасушаларында қозғалыс органоидтарының қызметін атқаратын талшықтар. Желбезектер сансыз ұсақ к i р п i к ш е л е р м е н қапталған, олар қозғалып суды үздіксіз ағызып тұрады (Зоология). Эпителийдің к i р п i к ш е л е р i бірінен соң бірі қозғалып, үнемі бір бағытта ырғақты толқып отырады (Қ.Нұғматжанов, Гистология.). Мирацийдің формасы ұзынша, сырты өте ЖИІ к i р п i к ш е л е р м е н жабылған (Қ.Уәлиева, Мал ауру.). Ол к i р п i к ш е л е р i н i ң жәрдемімен тым шапшаң қозғалады, сондықтан да «зымырақ деп» аталған (Қ.Қайымов, Суасты.).