КІРІС

lat: KİRİS

зат. көне. 1. Садақтың керме бауы. Он атқа алған бұхаржа, Ата алмасам маған серт, Ашуыма шыдамай К і р і с т е н кетсең саған серт (Батырлар жыры). Садағына сары жебені салдырған, Садағының к і р і с і н, Сары алтынға малдырған. Тереңнен көзін ойдырған. Сұр жебелі оғына Тауықтың жүнін қойдырған (Махамбет, Өлеңд.). Ай, қалмақ, нақ ажалың енді келді, Аузыңа қаратыпсың тамам елді. Мұны айтып садағымен тартып қалды, К і р і с т е н тесіп өтіп оқ жөнелді (Дотан батыр). 2. Жақ, садақ. Толғанып тұрған Тарғынды Толғап алып салады. К i р i с т е н шығып кетеді. Тарғынға таман жетедір Тарғын.).