КІРІС

lat: KİRİS

зат. экон. 1. Табыс, пайда. Жомарттың есебінше, колхоз кассасына кемі бiр-екi миллион сом кiрiс енгізбек (Ғ.Мұстафин, Миллионер). Кiрген кiрiс болмаса, шыққан шығынымыз жоқ, әйтеуiр (С.Шаймерденов, Өмір нұры). Баланс екі бөліктен кiрiс және шығыс кестесінен тұрады (ҚСЭ). 2. экон. Белгiлi бір зат өнімінен не сауда жолымен түсетін ақшалай-заттай түсім. Салық негізінде құрылатын мемлекеттік бюджеттің кiрiсiне қарай, мемлекеттің кәсіпкерлікпен айналысуының және әлеуметтік кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады (Б.Жүнісов.., Нарық. экон. негіз.). Мемлекеттік кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты көбейтуді көздейтін заңдардың жобалары Республика Үкіметінің оң қорытындысы болғанда ғана енгізілуі мүмкін (ҚР Конституциясы). 3. инф. <ағыл. entry, rnput> Өңдеуге арналған мәліметтерді қабылдау орны.