КІТАП

lat: KİTAP

зат. 1. Мерзімсіз баспасөз басылымы көркем-әдеби, қоғамдық саяси, ғылыми-практикалық мазмұндағы туынды. Өйткені оның әрбір тасы үлкен тарих айнасы, сырлы сандық, жұмбақ, қаттап-қаттап қойған қалың к і т а п т а р іспетті (Н.Баяндин, Атамекен). Бұл өмірге қараушы едің, биіктен. Көп оқыдың, Сонымен де сүйікті ең. «Бес чемодан к і т а п және күйтабақ, Бір гастрит әкелдің деп Киевтен!» (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). «Орысша оқыған қазақтың ең есті, артына к і т а п қалдырғаны осы Шоқан», деп еді (М.Дулатов, Шығ.). Абай әлі де к і т а п бетіне үңілуде (М.Әуезов, Абай жолы). 2. Есеп-қисап, мәлімет т. б. мағлұматтарды тіркеп, жазып отыратын түптелген таза ақ қағаз, қалың дәптер. Баймұрат атайдың тілімен айтқанда, арамызда болған артық-ауыс сөздерді есепқисап к і т а б ы н а н шығарып тастасаң қайтеді? (Р.Райымқұлов, Жасыл белес). Қысқасы, жергілікті жылқыларға асыл тұқымды мал к і т а б ы н жүргізудің экономикалық маңызын естен шығармаған жөн (К.Дүйсенбаев, Жылқы тұқымы.). Сын әдебиеттің сыйқын көрсететін құр айнасы, яки соның не барын тіркеп қана отыратын есеп к і т а б ы емес (М.Қаратаев, Туған әдеб.). Айбарлы поп кірес сілтеп, Өшірді атын атаның да, К і т а б ы н а қойды тіркеп Коля Степанов атануға (Қ.Бекхожин, Дала комисс.). 3. Мектеп оқушыларына арнап, белгілі оқу бағдарламасына негізделіп жазылған окулық. Зеншенко к і т а п т а р ы н ы ң артықтығын, қазіргі мектептерге артықша пайдалы екенін аз сөзбен айтып бітіруге болмайды (М.Дулатов, Шығ.). К і т а п мәдениеттің негізі емес, мәдениеттің негізі қол еңбегі, олай болса, кітап әншейін көмекші болып, мектеп басынан аяғына шейін қол еңбегі негізіне, яғни мануалистический негізге құрылсын депті Диюби, Зидель (М.Жұмабаев, Шығ.). Жанар к і т а п, дәптерлерін жинастырып, қаламы мен сиясын дайындап қойды (А.Байтанаев, Болат). 4. ауыс. Құран. Құдайшылық қалыбыңды сонда таза сақта, Құдайтағала қалпыңа әрдайым қарайды деп, к і т а п т ы ң айтқаны осы дептібай, Тол. жин.). Елден алғыс алмайсың Көтеріп к і т а п Құранды. Меніменен ұстасып, Білмейсің Құдай ұрардыамбыл, Тол. жин.). Сонда да ешбір дауа келіспейді, Құлаққа көрінесіз алмағандай. Бұл айтқаным к і т а п қ а қайшы емес Сіз ойлайсыз Ақмолла алдағандай (Ақмолла ақын, Күндер.). Исламның діни уағыздары Құранда баяндалады. Бұл к і т а п Жаратушы Алладан Мұхаммед пайғамбарға түскен («Парасат»).