КІТАПША

lat: KİTAPSHA

зат. 1. Көлемі шағын, жұқа кітап; брошюра. Бұл съездің қаулысы бөлек к і т а п ш а болып басылып, қазақ-қырғыз жастарының бар ұйымдарында қаралады («Абай»). Нанбасаңыз, міне, оның күнделік дәптері, деп омырау қалтасынан бір кішкене к і т а п ш а н ы суырып алды (Ж.Аймауытов, Шығ.). Ол қаулы қазақша һәм орысша бөлек к і т а п ш а болып басылып шықты, һәм ол губерния-губернияларға жіберілді (С.Сейфуллин, Шығ.). Академик В.Бартольд Қожа Ахмет Ясауи мен оның шәкірттерінің көшпелі халық арасында беделдерінің зор болғандығын, олардың ел аралап, Құран уағыздары мен шариғат заңдарын насихаттағанын, діни тақырыптарға арналған к і т а п ш а л а р таратқанын айтады («Егемен Қазақстан»). 2. Арнайы жазба үшін жасалған дәптерше. Тәбіш Қошақбаевтің мергендік өнеріне жетілген кезінен бастап, жүргізіп келе жатқан жұп-жұқа к і т а п ш а с ы бар (С.Сейітов, Сөз сұра.). Ол Кәкен отарының санақ к і т а п ш а с ы н сұрап алып, жаңа бетті толтыра бастадыаржайлау). Мен орден к і т а п ш а с ы н а көз жүгіртемін. Екінші «Қызыл Жұлдыз» ордені 1944 жылы 15 апрельде берілген (Ш.Есмұрзаев, Ильич.).