КІШКЕНТАЙ

lat: KİSHKENTAI

сын. 1. Титімдей, титтей, шүйкімдей, қарттай. Менің к і ш к е н т а й жүрегімді сенің білегіңе шынжырлап байлап қойғандай (I. Есенберлин, Жанталас). Кең жазиралы кеңістікте көрінген арба толқынды дариядағы к і ш к е н т а й қайық секілді (А.Сатаев, Дала.). Отыз шамалы арық тоқты тұр е кен. Әсіресе к і ш к е н т а й екі көк қозы көзге ерекше шалынды (Ғ.Сланов, Замана.). 2. Шағын, шамалы. Көресіз бе, к і ш к е н т а й вокзалымыз поезд күткен жолаушыға толы (Ә.Сәрсенбаев, Батырлар.). 3. Азғантай, қысқа. Ағай, Ыбырай атам балаларға қандай қайырым жасағаны жөнінде к і ш к е н т а й әңгіме айтып бермейсіз бе? деп пионерлер Мырзахметке өтініш жасады (С.Мәуленов, Үркер). Тынымсыз көбелегі шамды айналған, К і ш к е н т а й бақыт едім жанбай, жанған. Ақ бұлттың арасынан қалқып ұшқан Аққудай арман едім әнге айналған (Ә.Дәуренбеков // Екі мыңжылдық дала жыры). 4. Аласа, мықыр. Атабекке келсем, ол ауласында к і ш к е н т а й бір кәнден итті үйретіп жүр екен (С.Сарғасқаев, Тәмпіш.). Бұрыштағы к і ш к е н т а й стол үстінде тұрған шамның жарығы бөлмені қызыл-күрең түске бөлеген (Қ.Найманбаев, Үміт.). Қыс ауылды қалың қар басып салады: көше де, қора да, үй төбесі де қардан көрінбейді; күртік онсыз да к і ш к е н е терезелерінің орта белінен қылып көміп салады (А.Байтұрсынұлы,.. Оқу құралы). Бойы тіптен к і ш к е н т а й Жетер-жетпес тақтаға. Ұлықпан кеп отырды Ең алдыңғы партаға (О.Шипин, Дастан.). 5. Тіптен жас, бүлдіршіндей. «Р»-ға тілі келмейтін к і ш к е н т а й бала не білуші еді, тәйірі. Мизан ғой үйретіп қойған (М.Гумеров, Шыңырау). Кешегі жүгіріп жүрген к і ш к е н т а й ғана бала еді мына Еріктер. Енді үлкен азамат болған (Қ.Салғарин, Жаныңда жүр.). Балам, сен әлі кі шке н тай с ы ң, өскенде барасың, дейтін (Қ.Әміров, Өшпе.жұлдыз.).