КІШКЕНТАЙЛЫҚ

lat: KİSHKENTAILYQ

зат. Кішкенелік, шағындық, майдалық. Қандай керемет! Адам өзінің к і ш к е н т а й л ы ғ ы н мына биік тауларды көргенде, тіпті айқын сезінеді екен (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш). Көлбақалар денесінің к і ш к е н т а й л ы ғ ы н а қарамай, дауыстары зор келеді (Ш.Қожахметов, Ғалам ғажап.). Әр клетканың көлемінің к і ш к е н т а й л ы ғ ы соншалық, оны тек жүздеген мың есе үлкейтіп көрсететін микроскоп арқылы ғана көруге болады (М. Қайрақбаев, Ескерме. ауру.). Бактериялар мұндай к і ш к е н т а й л ығ ы н а қарамастан, өміршең және өсімтал келеді (Т.Омаров, Күн. құбылыс.).