ҚАБАТ

lat: QABAT

үст. 1. Бірге, қатар, қоса. Оқумен қ а б а т ұйым жұмысын дұрыстап алғанша тыным таппады (С.Бегалин, Уақыт.). Бірақ үш ай бойы құлақ, тілден қ а б а т айырылып, өмір мен өлімнің арасында жатқанын, бір құлағы алдыңғы күні ғана ашылып, тілі бүгін, осы жаңа ғана шыққанын білмейтін (М.Мағауин, Бір ата.). Ауыр жүктен арылғандай енем екеуміз қ а б а т күрсіністік (Б.Нұржекеев, Күй толғақ). Жер-дүниені шаң, тұман қ а б а т басып, Ойнақ қағып, құтырып дауыл келдібай, Тол. жин.). 2. Жаны, қасы. Үйдегі екі кәрімді: Оған да назар саламын Қ а б а т ы м а аламын (Батырлар жыры). Менің қ а б а т ы м а жатсын (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі.).