ҚАБЫЛДАУ

lat: QABYLDAÝ

Қабылда етістігінің қимыл атауы. 1. Белгілі бір мәселе бойынша айтылған, ұйғарылған  пікір, қаулы, заңдарды көпшілік дауыспен қабыл алу, келісу көру. Тіпті меншіктің жаңа формаларын заңды түрде қ а б ы л д а у шын мәніндегі бәсекенің негізі болып табылатын жан-жақты дамыған кәсіпкерлікті автоматты түрде енгізе алмайды (Б.Жүнісов,.. Нарық. экон. негіз.). 2. Бір нәрсені өзінің қарамағына өткізу. Банктегі менің қызметім ірі көлемдегі салымдарды қ а б ы л д а у («Жас Алаш»). Балықшыларды ірі участоктарға бұлай орналастыру... ауланған балықты қ а б ы л д а у оңайланады, еңбектің өнімділігі де артады (С.Қаженбаев, Балық.).