ҚАДАМ

lat: QADAM

зат. 1. Адамның жүру кезіндегі екі аяқтың аралық қашықтығы, адым. Машинадан түсіп жол қараймын деген кісі бес қ а д а м ұзап кетсе машинасын таба алмай адасатын болды (Р.Өтесінов, Ақиқат.). 2. ауыс. Іс-әрекет, шешім. Бізге өтпелі процестердің мәні мен бағытын ой елегінен өткізу, жаңа қоғамды құру жолындағы нақты практикалық қ а д а м д а р мен әрекеттердің бағдарын анықтау қажет болды («Егемен Қазақстан»). «Әйел теңдігінің алғашқы қ а д а м ы осыдан басталсын!» деп түйген Ғани алдында отырған Аймақанға еңсеріле қарады (А.Хангелдин, Ғани.). 3. ауыс. Әлдененің дамуы, қозғалысы (ілгері қарай), алға жылжу, жетілу; даму баспалдағы, сатысы. Бұл халықаралық жәрмеңке екі облыс арасындағы сыртқы сауда саласындағы тағы бір маңызды қ а д а м ғ а жол ашары сөзсіз («Егемен Қазақст.»). Қазақстанның тәуелсіз ел болуының бастапқы сәтіне қ а д а м басу еді («Егемен Қазақстан»).