ҚАЖЕТТІЛІК

lat: QAJETTİLİK

зат. 1. Керектілік, қажеті болушылық, мұқтаждылық. Ізденудің қандайы болса да белгілі бір қ а ж е т т і л і к т е н туады (Н.Нұрахметов, Дарқан.). Ұйқының қ а ж е т т і л і г і адамның жасына, дағдысына, өмір бейнесіне, денсаулығына, тағы сондайларға байланысты (М.Қайрақбаев, Ескерм. ауру). Өзін-өзі тарату туралы шешім он екінші сайланған Жоғарғы Кеңес депутаттарының объективті қ аж е т т і л і к т е н туған, ойланып жасаған батыл қадамы болғандығы айқын еді («Егемен Қазақст.»). Жануарлардың қ а ж е т т і л і г і қорек пен өзін-өзі қорғаумен шектеледі, адамның қ а ж е т т і л і г і әлеуметтік заңдылыққа тәуелді (Қаз. тілі термин. Педагогика.). 2. Жеке адамның, әлеуметтік топтың, қоғамның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін объективті түрде керек нәрсеге мцқтаждық; белсенді әрекеттің ішкі қозғаушысы. Қ а ж е т т і л і к іс-әрекет талабына сәйкес еңбек етуге, танып-білуге, қарым-қатынас жасауға қ а ж е т т і л і к; объектісіне қарай: материалдық және рухани қ а ж е т т і л і к; субъектісіне қарай: жеке бастық, топтық, ұжымдық, қоғамдық қ а ж е т т і л і к болып бөлінеді (ҚҰЭ). 3. филос. Құбылыстардың ішкі мәнінен туатын байланысу тұрпаты. Қ а ж е т т і л і к пен кездейсоқтық материалдық әлемнің объективті байланыстарын көрсететін, құбылыстың негізіне оның жекелеген түрлерінің қатынасын білдіретін философиялық категориялар (ҚҰЭ). Қ а ж е т т і л і к заң, заңдылық, тәртіп ұғымдарымен бір тектес (ҚҰЭ).