ҚОРҒАУШЫ

lat: QORǴAÝSHY

әкімшілік жауапқа тартылушы адамның құқықтары мен мүдделерін заңда белгіленген тәртіппен қорғауды жүзеге асыратын және оған заң көмегін көрсететін адам. Қорғаушы ретінде адвокаттар, әкімшілік жауапқа тартылушы адамның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе заңды өкілдері, кәсіподақтардың және қоғамдық бірлестік мүшелерінің істері бойынша осы бірлестіктердің өкілдері жіберіледі. Егер заңда белгіленген тәртіппен өзара қатынас негізінде ҚР тиісті мемлекетпен халықаралық шартында көзделсе, шетелдік адвокаттар іске қорғаушы ретінде қатысуға жіберіледі (2001 жылғы 30 қаңтардағы 155 ҚР ӘҚБТК 588-бап)