ҮЗІЛІС

lat: ÚZİLİS

з а т. 1. Белгілі бір іс, жұмыстың тоқталатын аралық уақыты; кідіріс, тыныс, демалыс. Әлгі бір азем ү з і л і с т е арқам тоңазып-ақ қалған екен (Ә.Сәрсенбаев, Теңіз.). Жұмабек бояуларын езіп, холсқа Розаның бет пішінін топшылап сызып алды да, ү з і л і с жариялады (Т.Ахтанов, Махаббат.). 2. п е д. Мектептегі әрбір сабақтың арасында берілетін 5-10 минуттық демалыс. Қолынан жем жеген бұзауша Телібайдың соңынан күні бойы салпақтаймын. Мектепте де себеп тауып ү з і л і с сайын кластарына бір бас сұғып қайтам (Т.Нұржекеев, Бір өкініш.). Ү з і л і с т е мен іште Асыр салып ойнадым. Құрығанда бірүшке” Жаздым-ау деп ойладым (Қ.Мырзалиев, Күміс қоңырау).