ҮЛКЕНСІ

lat: ÚLKENSİ

ет. Үлкен болғансу, үлкен болуға ұмтылу, үлкен екендігін көрсеткісі келу.

Енді мүлдем өзгеріп барады, үлкенсіп, қамқорсып жүреді (О.Сәрсенбаев, Сағым)

Бекетке талай жерде үлкенсіп, мінезсіз ынжықтығын бетіне басқан (Р.Тоқтаров, Ертіс.)

Бас ұрып, бөркін алып тұрды байға,

Үлкенсіп, ұлықсымақ қалды жайға.

Иттейін еркелеген жылмаң қақты,

Бай көрсе парақорлар қандай майда? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.)