ОТАНДЫҚ

lat: OTANDYQ

сын. Отанға тән, отанға қатысты.

Отандық өнеркәсіпті өркендетуге лайықты үлес қосу қазақ жігіттері мен қыздарының да айбынды және абыройлы борышы (I.Омаров, Шабыт.).

Отандық және дүниежүзілік ғылымды творчестволық еңбегімен байытып отырған сан мың ғылыми қызметкерлердің ішінде әйелдердің алатын орны өзгенше (Аялы жандар).

Каспий теңізі отандық балық аулау шаруашылығында ерекше орын алады (К.Күленов, Қазақст. балық.).

Сондықтан да Каспий қайраңындағы мұнай көздерін игеру үшін болашақта отандық капиталды, өз қаржымызды пайдалану міндеті тұр («Егемен Қазақстан»).