РЯЖ

lat: RÁJ

әдетте бөренелерден не білеулерден жасалып балластпен (таспен, кейде топырақпен) толтырылатын жәшік түріндегі конструкция. Тұтас шабылған - қима түріндегі (орыс конструкциясы) және торламалы немесе өтпелі (американдық конструкция) деп бөлінеді. Бұл екі түрі де темірбетонды білеулерден де құрастырылуы мүмкін. Ұзындығы 60 метрге дейін жетеді. Ряждар тіреуіш қабырғалар, көпірлер, ағаш плотиналардың аралық тіреулері мен жағалау тіреуіштерін, тығыз және жартастық негіздерге флютбеттер, рисбермдер, маңдайшалар орнату үшін қолданылады.