СЫНШЫЛДЫҚ

lat: SYNSHYLDYQ

зат. 1. Сын көзбен қараушылық, сынағыштық, мінегіштік.

Исаның сыншылдық та мінезі болатын, көрген адамына, «сенің мінезің, қылығың мынадай екен ғой» деп баға бере қалатын (С.Мұқанов, Есею жыл.).

Әбділданың сыншылдық өлеңдерінде де оқырманға ой саларлық тәжірибе, ғибрат мол (Уақыт және қаламгер).

Сол сөзінен Абай сыншылдығы, өлең жақсы болуға не керектігін білетіні де көрініп тұр. Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек (А.Байтұрсынов, Шығ.).

Сәбиттің өлеңінде көңілге тақ еткізе түсетін тапқышьық, салыстырғыштық, сыншылдық, аса терең болмаса да, төрт тағандап түсетін нығыздық бар (Ж.Аймауытов, Шығ.).

2. Көркем шығарманы сынаушылық, оған сыни пікір айтушылық, сыни көзқарас.

Өзі көркем шығарма жазбағанмен, сыншылдық салтын да құрмағанмен, Үмітбай біреудің жазғанын ауызша сынағыш адам (С.Мұқанов, Есею жыл.).

Соңғы жылдары сынымыздың сыншылдық қуаты кеміп, көбіне-көп мақтау, мадақтау жағы етек алып бара жатқанды («Қаз. әдеб.»).

Қазақтың әдебиетіне жан берген: сөздің сыртын сырлап, ішін түрлеген, өлеңнен өрнек шығарған, ақындық, сыншылдық бірдей дарыған Абай еді (“Абайжурн.).