ТАЯЗ

lat: Taıaz

с ы н. 1. Терең емес, тайыз, саяз. Ол сол жерде ағып жатқан, жіңішке, т а я з өзенге шомылып та шықты (Ж. Жұмақанов, Үш бәйтерек). Жарғұй суы өте т а я з д а н шығатын бұлақты жерстімеген елде көп). Бірде терең, бірде т а я з болып жайылып жатқан оуға қатқан мұз кедір-бұдыр (Қ.Тұрсынқұлов, Есіңде.). Тоқта, балам, қызбаланба онда сен, Отқа ұмтылған көбелектей болма сен. Т а я з су да ерке өзенмен жарысқан Тым жарқырап көрінеді алыстан (М.Шаханов, Ғасыр.). 2. а у ы с. Ой өрісі шамалы, онша тереңге бара алмайтын. Т а я з сөйлеп қалатының бар-ау сенің (Н. Әбдікерімова, Сенім). Олардың білімі т а я з болса, жауап бере алмайды («Қазақст. мұғ.»). Рухани дүниесі де шамалы шығар, т а я з шығар (Танкелдин, Партизан.).