ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ

lat: TELEJÚRGİZÝSHİ

з а т. Бітімі бөлек мақалаларымен, т е л е ж ү р г і з у ш і л і г і м е н танылған ойы сергек, білікті журналистердің бір Бигелді Ғабдулинді жұртқа таныстырып жатудың өзі артық десем, ол бұл жолы да жұртшылықты елең еткізердей жоба жасапты («Егемен Қазақстан»). Басылымның соңғы саны әлемдегі ең жалақасы көп журналист - Ларри Кинг туралы мақала жариялапты. СNN телекомпаниясы әйгілі тележүргізушіге жылына 10 миллион АҚШ долларын төлеуге әзір көрінеді («Қаз. әдеб.»).