ТҰРҒЫЛЫҚТЫ

lat: TURǴYLYQTY

сын. 1. Тұрақты, байырғы, жергілікті (ел, халық).

Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар (ҚР Конституциясы).

Намырдың практикасын өткізген жердегі тұрғылықты елдің хал-тұрмысын, дәстүр салттарын сұрастырып, баласымен ұзақ әңгімелесті (С.Ғаббасов, Ана жүрегі).

2. Тұрақты, өзгермейтін.

Бұндай соғыста жеңіп шығу үшін, қан майданда әбден шыныққан, қару-жарағы мұздай тұрғылықты әскер керек (I.Есенберлин, Алмас.).

Сенде менің суретім болу керек. Әрине, енді сенен көпке дейін хат ала алмаймын. Өйткені тұрғылықты адрес көпке дейін болмайды (Б.Бұлқышев, Адамзатқа хат).