ТІЛЕК

lat: TİLEK

зат.1. Көңілдегі көрікті ой, орындалмақ игі арман, ұлы мақсат, мүдде.

Ант етіп айрылмасқа бірігейік,

Ас-сусыз мың бейнетпен жол шегейік.

Тыңдайтын бар ғой тілек әділ Алла,

Көл қылып қан аралас жас төгейік (М.Жұмабаев, Шығ.).

Думаның көпшілік жағының жаны жоғалтамыз деп отырған 3-нші июнь законында. Бұлардың 3-нші июнь законын жоғалтумен өздерінің көптігін жоғалтуы екеуі бірдей. Соның үшін күні ертең бұл мәселе туралы депутаттар жарысқа түскенде, әлгі тілек құр тілек болып қалуы ықтимал (М.Дулатов, Шығ.).

Жаңа тілек, Жарық таң атты, міне, Байғазы Қада сен Мынау жас журналға (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

2. Істің орындалуы жайлы, болмаса басқа да оқиға бойынша өтініш, талап.

Жатыр ем науқастанып есім жимай,

Кеудеме кетті есітіп қайғым сыймай.

Қарағым, тілегімді беремісің,

Көзімнің қоямысың жасын тыймай (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Не жаздым құтқармастай бұл бейнеттен,

Күнің жоқ тілегімді қабыл еткен.

Біреу кеш, біреу ерте өліп жатыр,

Келмейді маған Ажал, қайда кеткен? (А.Байтұрсынов, Шығ.).

Көз жасын көк көреді,

Тілегін тәңірім береді.

Бір түні ұйықтап жатқанда,

Періште көктен келеді (М.Жұмабаев, Шығ.).