УАҚЫТША

lat: ÝAQYTSHA

үст. Белгілі бір уақытқа дейін, қысқа мерзімге.

Біздің оқудан уақытша қол үзгеніміз рас еді (Т.Иманбеков, Үш ай.).

Алаш орданың уақытша тұратын орны Семей болды. Бірақ большевик кесірінен Алаш орда іске кірісе алмады (М.Дулатов, Шығ.).

Әскер һәм жұмысшы мәжілісі уақытша үкіметтің бұл пікіріне қарсы келді (Ә.Бөкейханов, Шығ.).

Шын жүйрік екеніңді білдім танып,

Берсе егер баққым келді қолыма алып.

Сұрадым уақытша маған бер деп,

Сол күні басқармаға өзім барып (Б.Бигельдиев, Балқаш.).

Біледі мұның бәрін бастан кешкен,

"Мынау тау, мынау заңғар аспан дескен".

Уақытша "әулиелер" ақ ордасы,

Болады бір-ақ сәтте астан-кестен (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).

Тек сырлар кеудеге тұрды енбей,

Уақытша аулақтап іргеміз.

Ат барда жаяулап жүргендей,

Сөйлестік басқа бір тілде біз (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).

Уақытша әкім болып жүрген күнде,

Қазақтың қайсысын да жеген болды (Кердері Әбубәкір, Қазағым.).