ИКЕМДІЛІК

lat: IKEMDİLİK

(синонимдері ептілік, еп, іскерлік, шеберлік, істей білу, білік). Дағдыдан икемдікті айыра білу қажет. Алынған білім негізінде бір нәрсені істей білуге икемділік болады, бірақ бұл істі орындау дағдысын әлі меңгермеген болуы мүмкін. Мыс., бірінші сынып оқушысы екінші тоқсанда жаза біледі, бірақ жазу дағдысын меңгеріп болды деуге болмайды, өйткені өте баяу жазады, әрқашан дұрыс та таза бола бермейді. Бірақ оқушы одан әрі қарай бұл дағдыны меңгеріп, ақырында тез жазып кетеді. Бұл арада дағды үйренген икемділік негізінде пайда болады, ал ол білімге (қандай да бір әріптерді, жазуды жаза білуге) негізделген. Кейбірде, адам дағдылануы негізінде икемділігін жетілдіре түседі. Мыс., оқу дағдысы бар оқушы, әлі мәнерлеп оқи алмайды. Педагогтың басшылығымен ол осы шеберлікті үйренеді. Бірақ, оқушы егер оқу дағдысын жақсы меңгермеген болса, әрине, бұл өнерді де үйрене алмас еді. Бұл арада Икемділік бұрыннан бар дағды негізінде қалыптасады. Сонымен, Икемділік адамның әрекет процесінде алған білімін немесе дағдысына негізделген қандай да бір әрекетті орыңдаудын біршама жетілдірілген тәсілі. Икемділік әрекетті орындауға даярлық. Икемділік әртүрлі дәрежеде болуы мүмкін: бір жағдайларда олар дағдының қалыптасуына жәрдемдессе, екінші бір жағдайларда іс-әрекетің одан әрі дамуы болып табылады. Икемділік пайда болу үшін көп жаттықпаса да болады. Икемділік үшін не талап етілетінін, әрекеттің орындалу тәсілін білудің маңызы бар. Икемділік адамның әрекет үрдісінде атаған білімін немесе дағдысына негізделген қандай да бір әрекетті орындаудың біршама жетілдірілген тәсілі.