ҮЗІЛІССІЗ

lat: Úzilissiz

ү с т. Демалыссыз, кідіріссіз. Жұмыс ү з і л і с с і з істелініп, сағат екіде бітетін болды (Ш.Әбдіраманов, Тас раушан). Шұбаттың ү з і л і с с і з қысы-жазы болуы жыл бойы емделуге мүмкіндік береді («Қаз. әдеб.»). Бауырым, көтерерсің жігіт болсаң, Қыруар көкірегіңе үміт толса. Өмір бұл ү з і л і с с і з күйіп-жанар, Соңғы рет жүрегіңді суытқанша (Т.Айбергенов, Мен. саған.).