КҮЙ

lat: KÚI

(адамның) ең жалпылама түрінде күй деген кез келген жүйенің, оның ортаның координаттық объектілеріне қатысты жағдайын бейнелейтін сипаттамасы. Адамның күйі іштей және сырттай байқауға келуі мүмкін. Іштей бақыланатын күй уақыттың белгілі бір сәтіндегі организмнің жайлылықты (жайсыздықты), қолайлылықты (қолайсыздықты) интегралдық түйсінудің субъект санасыңда тіркелуі. Сырттай байқалынатын күй адамның сырттай окылатын белгілер бойынша анықталатын жайлылық (жайсыздық), қолайлылық (қолайсыздық) дәрежесі. Адамның күйі қоршаған орта мен жағдаятқа бейімделудің реттеушілік функциясы болып көрінеді.