ҚАЖЕТТІЛІК

lat: QAJETTİLİK

(қажеттілік, кажет, керектік, мұқтаждық) (әсіресе табиғи қажеттер) өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Өз тіршілігіне керекті нәрсеге ағзаның түрліше қажеттілігі болады. Мұқтаждық адамға, барлық тірі ағзаға тән. Адамның іс-әрекеті де қажетін қанағаттандыруға бағытталады. Ағзаның мұқтаждығы өзіне әсер еткен нәрсеге артықша елеңдеу, тітіркену күйінде көрінеді. Елеңдеп тітіркенген ағза сол бағьгтта іс-әрекет жасап, қажеттілігін қанағаттандыруы мүмкін. Ағзаның мұқтаждылығы қанағаттандыратын қылығы іштен туылған шартсыз болады. Ағза дамып күрделенген сайын, қажеті көбейе түседі. Адамның қажеттенуі көп қырлы, жоғары сапалы, бай болады, ол тіршілік жағдайының зандарына бағынады. Адамның бір қажеттілігін қанағаттандырып, оның орнына басқа қажетгіліктің пайда болуы оның өмір сүруіне, әрекет етуіне өте керекті шарт болып табылады. Егер адам өзінің мұқтаждықтарын қанағаттандырумен ғана тынатын болса, онда өмір сүрудің, тіршілік етудің айрықша орын алуы мүмкін болмас еді. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық тілектер (тамақ, баспана, киім, іс- әрекет құралдары т.б.) болады. Негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын рухани қажеттерді (білім, шығармашылық онер т.с.с.) туғызады. Рухани қажеттердің дамуы материалдық қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына да байланысты болады. Негізінен адамның қажеттіліктері саналы әрекетінің нәтижесінде біртіндеп қанағаттандырылып, өтеліп отырады. Қажеттіліктің өтелу, өтелмеуі адам психологиясына, оның күйініш-сүйінішіне әсер етеді. Қажеттіліктерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп, солардың көмегімен түрлі теориялық, практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік алады. Өйткені кажеттіліктер адамның шығармашылық қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі болып табылады, яғни, ол заттарды өз қажетіне байланысты өзгертуге. қайтадан жасауға әрекет етеді. Сондықтан, адамдардың қасиеттері іс-әрекетінің негізгі мотивтері. яғни оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы болып табылады. Қажеттілік әсіресе табиғи кажеттері өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер, табиғи қажеттілік өтелмесе, өмір сүру үшін тиісті жагдайлар болмаса, адам да, жануарлар да тіршілік ете алмайды. Қажеттіліктердің (материалдық, рухани, әлеуметтік, шығармашылық т.б.) қанағаттанбауынан адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана- сезімінің өсуіне кедергі келтіреді.