ҮМІТКЕР

lat: ÚMİTKER

зат. Белгілі бір істен дәмелі адам.

Әлпештен жарытымды жауап алмаса да, сол түнгі кездесу Мұратты үміткер етті (М.Хасенов, Қайсар)

Кетсем де кейде күйіктен қаңғып,

Үміткер едің биіктен барлық.

Жақсылық айтар адамға құрбан,

Жомарт та қылған, сараң да қылған,

Көңілім менің, көңілім (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә.)

Жүйрік қиял дүниені айналып,

Дамыл таппай дәтке дәрмен қараған.

Мұңын шағып қалды “азамат” үміткер,

Түсінер деп көңілінде сәуле бар адам (М.Дулатов, Шығ.)

2. Спорт т.б. салада белгілі бір жарыс межесінен өтіп, одан кейінгі бәсекеге қатысуға мүмкіндік алған адам.

Бұл күндері Лондонда өтіп жатқан шахматтан әлем тәжі үшін үміткерлердің жартылай финалдық сайыстарының әр партиясы жанкүйерлер назарын аударуда («Қаз. әдеб.»)

Спартакиада чемпионы атағынан алматылық үш конькиші үміткер болды («Спорт»)

3. Үмітті бар, дәмелі.

Саған алтын секілді

Көптің жасы төгілген.

Әкел мұнда тізімді

Үміткер болсаң өмірден (О.Шипин, Дастан.)

Бір ай бойына күндіз күлкі, түнгі ұйқыдан айрылып, сарылып іздеген жұмбақ есеп жемісінің ұшығына қолы ілінгендей үм іткер көңіл бас көтерді (Ш.Мұртазаев, Қара маржан.)

Бет қайда сауға сұрар, қоялық дер,

Арсыз жау өмірінен әлі үміткер.

Жындана түсті қайта бұрынғыдан,

Құныққан ел қанына ол бандиттер (Қ.Аманжолов)