ҮМІТКЕРЛІК

lat: ÚMİTKERLİK

зат. жаңа. Үміткер болуышылық (бәсеке, жарысқа, байқауға қатысуға мүмкіндік алушылық)

Қырғызстан президентінің орынтағына 22 адам үміткерлік білдірді («Жас Алаш»)

Мемлекеттік қолдауға үміткерлік танытып отырған жобалар қазақстандық қамтуға сараптамадан өтетін болады («Алматы ақшамы»)

Үміткер болуға қатысты. Измирдің үміткерлік өтінішін Бас министр Режеп Ердоған бекіткен хаты арқылы Париждегі халықаралық көрмелер бюросына жеткізді («Егемен Қазақстан»)