ӨКІНУ

lat: ÓKİNÝ

істелген әрекеттің қателігін, адамгершілікке жат немесе қылмысты болу салдарын сезініп, ар-ождандық күйзеліс күйін білдіретін ой нәтижесі. Өкіну адамнын өзінің кінәсін мойыңдап, жағымсыз қылығы мен қылмысына өкінуі. Ар- ұяттын, ұжданның байқалуымен тығыз байланысты және тұлғаның өзін-өзі адамгершілік жағынан бағалаушылык рөлін атқарады.