ТҰЛҒА

lat: TULǴA

1) дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. Тұлға әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара болады, оның өзіндік дүниесі ерекше өмір жолын белгілейді және ол мазмұны жағынан әлеуметтік жағдайлармен анықталады. Ал тегі, құрылымы және нысаны жағынан даралық сипатта болады. Тұлғаның мәні нақты индивидтің өзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік жүйе шеңберіндегі өзімен-өзі болу қабілетінде ашылады. Табиғи таланттардың, туа біткен ерекшелікгердің маңызды рөлін Тұлға дамуында әлеуметтік факторлар жаңаша түрде көрсетеді. Дара өмірдің тіршілік ету әдісі дегеніміз адам өмірінің (неғұрлым ерекше немесе неғұрлым жалпы) көрінісі, адамның бірегей және бесаспап қасиеттерінің бірлігі, тұтас жүйе; 2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным- орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым-қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам тұлға болып туа қалмайды, әлеуметтену процесінде тұлға болып шығады. Тұлға ұғымы отандық психологияда негізгі ұғымдардың бірі. Тұлғалардың әртүрлі топтастырылып саралануын білу мұғалімнің өз шәкірттерінің ерекшеліктерін тез аңғаруына көмектеседі. Тұлға психологиясының дамуына сонымен бірге оның өзі кіретін әлеуметтік топтың психологиясы да әсер етеді.. Тұлғаны білу оның іс-әрекетін тиімді басқарудың алғышарты. Тұлға туралы теориялар: биологиялык, биоәлеуметтік, әлеуметтік, психодинамикалық (Фрейд), гуманистік (Маслоу), психоаналитикалық (Юнг), әлеуметті когнитивтік (Бандура), бихевиористік (Скиннер), тұлғалық типтік (Айзенк), психоэлеуметтік (Эриксон), даралық (Адлер), феноменологиялық (Роджерс) т.б. Жеке адамның құрылымы (структуралары): биологиялық (жасы, жынысы, темпераменті, дене бітімі, физиологиясы т.б.); психологиялық (зейіні, танымдық әрекеттері, қабілеті, мінезі, ерік, сезімі, т.с.с.); әлеуметтік (коғамдағы орны, қарым-қатынасы, т.с.с); бағыттылыгы (ниеттері, тілектері, ұмтылыстары, құндьлықтары т.с.с). Тұлға негізгі белгісі оның дара өзгешелігі. Тұлға немесе жеке адам психология ғылымыңда зерттелетін негізгі категориялардың бірі. Тұлға (жеке адам) психологиясы адамтану ғылымдары жүйесінде ерекше орынға ие. Бұл сала адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның іс-әрекетіне сәйкес қадір-қасиеттерінің қалыптасуының психологиялық механизмдері мен зандылықтарын зерттейді. Сонымен бірге адамның құрылымы мен адамдардың типтік мақсаттарымен байланысты теориялық мәселелерді де зерттейді. Ондай мәселелер осы замандағы психологияда айрықша маңызды деп саналатын биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделе отырып қарастырылады. Тұлға психологиясы адамның қажеттілігі, мұқтаждығы, іс-әрекетінің түрлері, ептілігі, дағдысы, әдеттері, қызығушылығы, сенімдері, ұмтылыстары, құмарлықтары, жеке бағыт-бағдары, арманы, кісіпік сипаттары мен психологиялық құрылымдарын зертгейтін психологияның саласы. Тұлға белсенділігі тұлғаның сыртқы ортаға, басқа адамдарға және өзіне-өзі ынталы әсері. Тұлға статусы адамның тұлғааралық қарым-қатынастар жүйесіндегі орны мен оның топ мүшелеріне психологиялык ықпалының мөлшерін білдіретін ұғым.