ТЫЙЫМ

lat: TYIYM

Жаман, жағымсыз істен аулақ болуды талап ету. Тыйым тәрбиенің басты тірегі. Кейде тыйым жазалаудың бір түрі болып табылады. Діни наным-сеніммен байланысты қазақтын көптеген тыйым сөздері бар. Ол сол сөздерді қолдану арқылы баланы жаман әдеттерден сақ болуға баулудан туған.