ҰЖЫМ

lat: UJYM

(коллектив) топтың ең жоғары деңгейде қалыптасқан түрі. Ұжым ішіндегі қарым-қатынас жалпы мақсатты іс- әрекеттер арқылы жүзеге асып, әрбір адамның мақсаты қоғамдық мақсат-мүддемен ұштасады.Ұжым бір мақсатқа бағытталған мекемелерде жұмыс істейтін адамдардың немесе білім беру орындарында оқитын студенттердің, оқушылардың және т.б. тобы болып та танылады. Ұжым қоғамдык пайдалы іспен шұғылданатын жоғары деңгейде дамыған адамдардың ұйымдасқан тобы. Ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың бірлесіп атқаратын қоғамдык істері мен мақсат-мүддесінің бірыңғай болуында. Ұжым бір мақсатқа бағытталған мекемелерде жұмыс істейтін адамдардың немесе білім беру орындарында оқитын студенттердің, оқушылардың және т. б. тобы. Ұжымның дәстүрі заманның ағымына қарай дамып, қалыптасқан әрбір ұжымның өз дәстүрлері (қауымдасу, көмектесу, қоғамдык іс атқару, той өткізу, т.б.). Ұжымның дәстүрлері ұйымдастыруға байланысты жаңарып, толысып отырады. Мыс., мектепте “Алғашқы қоңырау”, “Соңғы қоңырау”, “Ана тілің арың бұл” кештерін ұлттық тәрбиемен байланыстырып жаңаша өткізуге болады. Ұжымның дәстүрлері ұжым мүшелерінің өз ықыластарымен ұйымдастырылып, дәстүр болып калыптасады. Ұжымшылдық (лат. collectivus жинақтаушы) ұжымның мақсаты мен мүддесін жеке бастың ұмтылыстарынан жоғары қоятын және топтық ұйымдастырушылық деңгейдің жоғарылылығымен сипатталатын адамгершілік қағида. Адамзаттың рухани адамгершілік дамуының тәжірибесі адамдардың бірігуінің негізгі біріккен әрекет қана емес, сонымен қатар адамзаттық бауырластықтың биік мұратына сай өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі басқаруда екенін айқын корсетуде. Адам мен қоғамның өзара жауапкершілігі адамдар арасындағы сенім, құрмет, талапшылдық, қағидалық қатынастарға негізделеді.