ҰСТАМДЫЛЫҚ

lat: USTAMDYLYQ

Адамның бойындағы жағымды қасиет; өз тәртібін қадағалай білу, қызбалығы мен ұстірт әрекетін тежей алу, оларды қолданыстағы тәртіп нормалары мен ережелеріне бағындыру. Ұстамдылық қасиеттерін тәрбиелеуде балаларды мек- тепте қолданыста жүрген білім беру ұйымдарының жарғысымен, оқушылар тәртібінің ережесімен таныстыру, өз әрекетін қабылданған тәртіп нормаларымен салыстырудың тұрақты жаттығулары қолданылады, олар балаға және оның ортасына кері ықпал ететін әрекеттерден сақтандырады. Ұстаным адамның өмірлік іс-тәжірибесінен қалыптасқан, оның өзіндік дүниетанымы мен пікірін білдіретін, белгілі бір жақтайтын көзқарасы.