Айт

lat: Aıt

Айт - мұсылмандардың діни мейрамы. 1. Ораза айты. Ораза аяқталғаннан кейін үш күнге созылады. 2. Құрбан айты. Мейрам кезінде құдайға құлшылық ретінде құрбан шалынады. Айт ислам дінінен көп бұрын ежелгі Арабияда шыққан. Ислам діні Айтты дәстүрге айналдырды. Айт күндері жұрт мешітке барып, намаз оқиды. Құдайға сыйынады, "күнәсінен арылу" үшін пітір, зекет, садақа т.б. береді.