ЛУТ

lat: LÝT

Құрандағы кейіпкер, тақуа және Пайғамбар, Інжілдегі Лут. Құранда ол хүкім мен ілім иесі. Пайғамбарлар арасында есімі әлденеше рет аталады. Лут Ибраһимнің уағызына алғашқылардың бірі болып сенген. Ол тұрғындары теріс жолға түскен қалаға тұрақтап, оларды дұрыс жолға салуға әрекет жасайды. Сопыларда (Ибн Араби) Лут бейнесі тіршілік иесі, тіпті Пайғамбарлардың өзі Алладан медет болмаса, жауға қарсы күресте дәрменсіз деген идеяның үлгісі ретінде ұсынылады.

Құрандағы әңгімелердің туу негізі агадилік аңыздар арқылы Інжілдегіден едәуір артық. Оның тарихы өз пайғамбарларына сенбеген халықтардың опат болғаны туралы хабарлайтын Құрандағы өсиеттік мәні бар әңгімелермен бір қатарға қойылады. Бұлар жұрттың бәріне мәлім нәрсе ретінде баяндалумен бірге жаңа тұрғыдан егжей-тегжейлі түсіндіріледі. Басқа пайғамбарлардың тарихынан мұның айырмашылығы мұнда Мұхаммедтің меккеліктермен айтыс-тартысынан қатарластыра өрілетін оқиғалар аз. Құран заманындағы дәуірмен оны меккеліктер қираған қалалардың қалдықтарын олардың керуендері Өлі теңіз арқылы еткен кезде көруі мүмкін екені туралы еске алулар байланыстырады.