ШҰЛЫҚ

lat: SHULYQ

зат.1. Аяқкиімнің ішінен киетін тоқыма зат.

Оның аяғында жалғыз шұлықпен киген тұмсығы үшкір жазғы ботинка (А.Жақсыбаев, Менің дос.).

Ол Алматыдағы шұлық фабрикасының тоқушысы Лиза деген қыздан хат күтіп жүретін (М.Сәрсекеев, Жетіжылдықтың жігіттері.).

2. Мәшиненің тетігі.

Мәшиненің алдынан жыра кездесіп, өте берем дегенде алдыңғы мостысының оң жақ шұлығының алты вольты бірдей үзіліпті де дөңгелек анадай жерге ұшып кетіп, шоңқиған (Б.Әшімов, Қаражал.).