ШАҢЫРАҚ

lat: SHAŃYRAQ

киіз үйдің уықтардың басын біріктіріп тұратын үстіңгі шеңбері. Иілдірілген екі діңгектен (кейде тұтас діңгектен) құрастырылып, ортасынан айқастырыла күлдіреуіш жасайтын жарыстырылған доғалар жүргізіледі. Діңгек бойымен айналдырыла уықтар кигізуге арналған тесіктер ойылады.