ІШІЛ

lat: İSHİL

ет. Сұйық заттың жұтылуы.

Сандыбайды азаптаған ыстық шай ақыры ішіліп болынды, Әжімгерей екі қолын жайып ас қайырды (Ж.Нәжімеденов, Ақ шағыл).

Шай көңілсіз ішілді, қонақ та көңілсіз аттанды (М.Гумеров, Шыңырау.).

Шелектеп ішіледі шарабың да!

Ағады арық болып арағың да!

Барлығы: Адалың да, Арамың да

Сіңгендей жоқ болады Қарақұмға! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.).