ІШІН

lat: İSHİN

ет. Тойыну, тамақтану.

Аш-жалаңаш жүрген жігітке барғаннан дәулетті қартаңға барып ішініп, киініп отырғаны жақсы (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз.).

Киінерсің, тоярсың, ішінерсің,

Біреуден зор, біреуден кішірерсің.

Хан көтеріп алса да, Алматыңды

Амалсыздан есіңе түсірерсің (М.Мақатаев, Шығ.).

Соғыс басылып тыныштық орнаса, ел де ішініп, киініп қалар еді (Ә.Ипмағамбетов, Жайық.).