дәстүр бойынша қос сөз болып танығанымен, қос сөз емес, парсы тілінің болымсыз мәнді сөз алды «бей» жұрнағымен тіркесіп тұрған «жайбарақат, қаперсіз; қамсыз, алаңсыз; дел-сал, мең-зең» мағынасындағы күрделі сөз.
Артынша бей-жай бұйығы тыныштық қайта орнады (О.Сәрсенбаев. Таңд. шығ., 2, 9). Малышев құсықтай бей-жай қылған сырдың бетін тағы ашты (З.Шашкин. Тоқаш Бокин, 54). Айнала бей-жай тыныштық (Т.Айбергенов. Біргемін мен сендермен, 50).