адамдар мен әлеуметтік топтар арасында болып тұратын қырғи қабақ қатынастардан туындайтын айтыс-тартыстар мен өзін ақтап, басқаны даттауға бағышталған текетірестер.
Дау-дамайдан жанжал, жанжалдан қылмыс шығады (Т.Әлімқұлов. Замана екпіні, 43).
Бұл қағида барлық ұжымда ешбір дау-дамайсыз атқарылады («Жас Алаш», 05.04.2005, 4).
Тоқа мен Құтжан арасындағы дау-дамайдың сылтауы ел қонысына, мал өрісіне қатысты өршіп отырған (А.Сейдімбеков. Сонар, 130).