Аға

lat: Aǵa

Орыс халқы ұлы халық, аға халық сізге де, бізге (Д. Әбілев). Аға сөзі көне заманнан түркі тілдерінің көбінде қолданылып келе жатқан сөз. Бұл сөздің үш түрлі фонетикалық варианты бар: аға (қырг., тат., түркп., аз., гаг. тілдерінде), аға аз., түр., башқ., хак., якут тілдерінде), ака (өзб., ұйғ., алт. тілдерінде). Бұл сөз Орхон-енисей жазуларында, М. Қашғари сөздігінде ақа болып жазылған. Қазіргі Батыс Қазақстан аймақтарында қазақтардың ақа деуі сол ескіліктің қалдығы болу керек. Аға//ақа сөзінің бастапқы мағынасы туысқан адамдардың еркек жағынан жасы үлкені окровская. Термины родства..., 36). Кейін бұл сөз жеке түркі тілдерінде қосымша мағынаға ие болған. Мысалы, ұйғыр, қазақ, қырғыз, татар, өзбек тілдерінде ага//аға «жасы үлкен ағайын», қарақалпақ, хакас, шор тілдерінде ага//аға//акка «ата», чуваш пен якут тілдерінде ағай//акка//ағас «апа», түрік пен азербайжан тілдерінде ага//аға «мырза» деген сөз. Аға сөзі қай тілден енгені белгісіз. Кейбіреулердің айтуынша, ол араб тілінен алынғанолотницкий. Корнев, чув-рус. сл., 133). Бірақ бұл сөздің монғол, алтай тілдерінде де кең таралуына қарағанда, оның о баста моңғол тілінен шығып, кейін түркі және басқа тілдерге де тарауы мүмкінонг.- рус. сл., 1957, 47; Номинханов. Термины родства,.., 4344), Аға сөзінің шығу тарихы жөнінде баска да пікірлер бар. Біреулер аға сөзі ай сөзінен, оның «айкын, жарық, ақшыл, жарқын» деген мағынасынан шыққан, алғашқы кезде аға деп ақ көңіл, ақ жүрек, мінезі ашық, жарқын кісіні атаған дейді. Бұны дәлелдеу үшін шағатай тілінде қолданылған аjа, еjе «кәрі әйел», аііш «қүрметті ойел» деген сөздерін келтіреді. (Vambery. Etym.Wort 6); Енді біреулер аға сөзі ақ сөзінен шықты деп есептейді. Мұны дәлелдеу үшін салыстырма ретінде финн тілдеріндегі уко шал, ука кемпір деген сөздерді келтіреді де, бастапқы кезде аға деп жасы үлкен, шашы ағара бастаған кісіні атаған дейді (Lоkоtsсh, Еtym, Wort, 3). (Н. Қ.)