Алтын

lat: Altyn

Сандық толы сары алтын, Сыпырып судай шашқан күн (М. Өтемісов). Бұл сөздің шығу тарихы жайында бірнеше пікірлер бар: 1) Кейбір зерттеушілердің айтуынша, бұл сөз монғол тіліндегі алтан//алтин «қызғылт мыс» деген сөзден шыққан («Қаз. қаз. тілі» 57; Пекарский. Сл. якут. яз. 82); 2) Басқа біреулер алтынның түсіне қарай түркі тілдерінің көбінде қолданылатын ал «ашық қызыл, от тәрізді түс» деген сөзді негіз етіп алады; 3) Тағы кейбір ғалымдар алтын сөзі түркі тілдеріндегі алты (6) сөзінен шыққан дегенді айтады. Ертеректе Орта Азия халықтарында ақша ретінде әр түрлі нәрсе қолданылғаны мәлім. Мысалы, монғолдарда ақша ретінде жібек мата, алтайларда мал терісі жұмсалса, кейбір түркі халықтарында (болғарларда) нәрсенің құнын белгілеуші алты тиіннің терісі болған. Бара-бара алты мен тиін сөздері бірігіп, алтын болып өзгерген де, ақша пайда болған кезде үш тиіндік алтын (кейін бақыр) ақша есебінде колданылған (әсіресе Россияда және оған бағынған елдерде). Мысалы, орысша алтьшник 3 тиіндік ақша, пятиалтынник 15 тиіндік ақша (А. К. Казембек. Объяснение русских слов, сходных со словами восточных языков. Изв. Имп. АН по отд. русск. яз. и словесн. 1852, т. I, 23; Будагов. Ср. сл. тур.-тат. нар. I, 81; В. В. Григорьев. Областные великорусские слова восточного происхождения. Изв. Имп. АІІ по отд. русск. яз. и словесн. т. I, 1852, 15; Горяев.  Ср. этим. сл. рус. яз„ 3; Шанский. Кр. этим. сл. рус. яз. 22). Кейін алтын ақша орнына қағаз ақша келген кезде, алтын сөзі орыс тілінен осы өзгерген түрінде қайта оралып келіп, түркі тілдерінде қымбат металдың (бүрын аіщга болған) атын ғана білдіретін болған тәрізді (Н. Ң.)