Ау

lat:

Күмістен тағып қарғысын, Соңына ертіп тазысын Ау қылып Қамбар шығады. Ит жүгіртіп, құс салып, Жердің ауын тауысты («Кисса-и Қамбар», 1888). Бұл сөз көне түркі-монғол тілдерінің жазу нұсқаларында аб түрінде кездеседі, ол «аң аулау» деген мағынада да жұмсалады (Малов. Пам. др.письм. Монг. и Кирг. 89). Қазақ тілінің оңтүстік говорларында (Алматы, Кеген аудандарында) ау аулау аң аулау, аңға шығу. Ертең ау аулауға барамыз. Ау қылу аң аулау тіркестері бір-біріне синонимдес. Қазіргі қазақ тіліндегі балық аулайтын тор мағынасындағы ау да осы аб/ав сөздерімен байланысты болу керек (қ. абыз). (А.Мах.)