Біз

lat: Biz

Ділмәрдің сөзі ұстаның бізінен өткір (мақал). Бұл сөз ұйғыр тілінде бегиз, өзбек тілінде бигиз болып айтылады. Қазақстанның оңтүстік облыстарында бігіз тұлғасы кездеседі. С. Аманжолов біз сөзі мүйіз сөзінен шыққан дегенді айтады, мұнда м б, ү і дыбыстары алмасқан, сөйтіп, біз <бігіз<.мігіз<мугіз<мүйіз тұлғаларын анықтайды. (Аманжолов. Вопр. диал., 152153). Біз о баста мүйізден жасалған болу керек те, мүйіздің өз атауымен аталып, бігізбіз болып қысқара қалыптасқан сияқты, салыстыр: киіз< кигіз, ие<еге. Сонымен, біз сөзінің даму жолы былай болмақ: мүгіз>мігіз>бігіз>біз. (Ж. Б.)