Жас

lat: Jas

Қазақ тілінде жас деген сөз «кез жасы», «адамның өмір сүрген жыл саны», «адамның жастығы» деген үш түрлі мағынаны білдіреді. Бұлар жеке-жеке үш түрлі мағына болғанмен, араларында белгілі байланыс бар. Жас сөзі о баста бір ғана мағынаны білдірген, бертін келе қосымша мағына үстеген я болмаса мүлде басқа мағыналы сөз болып қалыптасқан (Юнусалиев. Кирг. лекс., I, 126-127). Сөздің бастапқы мағынасы «жаңа шыққан көк өсімдік» деп ұйғаруға болады. Жас сөзінің жаңадан көгеріп шыққан есімдікті білдіретін мағынасы жаңа өсіп келе жаткан балаға, одан кісінің өмір сүрген жыл санына ауысқан. Көк өсімдіктің дымқыл, ылғалды болуымен, әсіресе таңертеңгі шық түскен кездегі күйімен байланысты бұл сөз «көз жасы» деген ауыспалы мәнге де ие болған тәрізді. Мысалы, қазірде азербайжан тілінде йаш деген сөз «дымқыл, сулы, көк» деген ұғымды білдіреді. (Н. Қ.)