Қомсыну

lat: Qomsyný

Қарайды да алтынға, Қомсынады «аз ғой» деп, Қыстау керек, үй керек, Сән-салтанат, расход көп (Абай). Қомсыну сөзі «азсыну, азырқану» деген мағыналарды білдіреді. Хомс сөзі монғол тілінде «аз, кем, азшылық, сирек, селдір» деген мағыналарды білдіреді. Монғол және бурят-монғол тілдерінде бұл түбірден тараған хомсхон (азғантай, өте аз), хомхой (ашкөз, сараң, тойымсыз, қомағай, мешкей) деген сөздер бар. (Б. С.)