Қу

lat:

Сақалы қудай. Мәні жасы үлкен қарт. Түркі тілдерінде (татар, қазақ тілдерінде) қу ақ, боз мағынасында жұмсалады: боп-боз болып семіп жүдеген кісіні қазақ құп-қу боп жүдепті дейді; қу шөп, қураған ағаш дегендегі қу сөзінің төркіні де сақалы қудай дегендегімен сыбайлас. Сөйтіп, сақалы қудай сақалы ақ дегеннің синонимі. (I. К.)